Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ ынтымақтастық мәселесін талқылады

ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ ынтымақтастық мәселесін талқылады

2022 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ  басшылығы арасында кездесу өтті.

Кездесу әлемдік саясат пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, екі жақты қарым-қатынастың перспективаларына, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сараптамалық диалогты одан әрі кеңейтуге арналды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов екі тараптың алдыңғы қатардағы талдамалық орталығы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың және Қазақстан-Ресей сараптама кеңесін құру маңыздылығын баса айтты.

Талқылау барысында РҒА ӘЭХҚИ директоры Федор Войтоловский ғылыми-зерттеу саласындағы болжау мен ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шығу өзектілігін атап өтті.

Жалпы кездесудің қатысушылары екі жақты қарым-қатынастың оң қарқыны және Қазақстан мен Ресейдің одан арғы ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті. Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Ресейдің  талдамалық орталықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы бітімге келді.