Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ мен СЗО өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚСЗИ мен СЗО өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2023 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының басшылығы арасында мазмұнды кездесу өтті.

Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Хайриддин Усмонзода – Тәжікстандағы белгілі әлеуметтанушы. Осыған байланысты ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов өзара ортақ құндылықтары бар қос елдің қоғамдық көңіл-күйін зерделеу үшін бірлескен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Хайриддин Усмонзода қазақстандық әріптестердің аймақаралық сауалнамалар ұйымдастыру идеясын қолдап, қоғамдық пікірдің өзекті өлшемдері бойынша өз ұсыныстарын айтты. Бұл Орталық Азиядағы әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін дер кезінде қолға алынған бастама екенін атап өтті.

Талқылау барысында қос тарап екіжақты қарым-қатынастардың өсу қарқынының оң динамикасын атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстанның сараптамалық орталықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласты.