Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы білім беру модулінен басталды

ҚСЗИ жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы білім беру модулінен басталды

ҚСЗИ-да «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» (бұдан әрі — Бағдарлама) жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қатысушыларымен алғашқы кездесу өтті.

Іс-шара барысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, биыл құрылғанына 30 жыл толған институттың негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы айтты.

Өз кезегінде байқаудан өткен 20 қатысушы өздерінің бэкграундымен, ғылыми қызығушылықтарымен бөлісіп, алдағы тренингтер аясында зерттеу дағдыларын жетілдіруде не күтетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бағдарламаның мақсаты отандық жас сарапшыларды сараптамалық және ғылыми-зерттеу саласында бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету.

Қатысушыларға Бағдарламаның оқыту модуліне қатысып, біліктілігін арттыру мүмкіндігі беріледі. ҚСЗИ-дың жетекші сарапшылары, отандық және шетелдік Талдамалық құрылымдар мен университеттердің өкілдері бір ай көлемінде зерттеу дағдылары бойынша дәріс беріп, сыртқы және ішкі саясат мәселелері бойынша өздерінің сараптамалық көзқарастарымен бөліседі. Бағдарлама аясында қатысушылар еліміздің танымал аналитиктердің әдіснамалық семинарларынан өтіп, айдың соңында ҚСЗИ сарапшыларының басшылығымен зерттеу бағыттарына сәйкес топтық және жеке талдамалық баяндамалар әзірлейді. Сонымен қатар Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін ҚСЗИ ғылыми грантын иеленуге мүмкіндік алады.