Skip to content
Басты бет » Сайлау қарсаңындағы медиа саласындағы ашықтық пен бәсекелестік

Сайлау қарсаңындағы медиа саласындағы ашықтық пен бәсекелестік

Бүгінде еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұр. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болмақ. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. Алғаш рет сайлауға Мәжіліс депутаттарының мандатына үміткер жеті саяси партия қатысып отыр. Нағыз саяси бәсеке қыза түсуде.

Партиялардың республикалық штабы ашылып, сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. Кандидаттар біртіндеп халықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып жатыр. Бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан цифрлық ортада халық пен саяси партиялар арасындағы байланыс мүмкіндіктері бұрын-соңды болмаған деңгейде. Өйткені сайлауалды науқан мен кандидаттар жайлы ақпарат бұрынғыдан бірнеше есе жылдам әрі оңай таралады.

Медиа кеңістігіндегі артықшылықтар анық, әрине, бұл сайлаушылармен тікелей араласу, объективті деректер негізінде сайлау додасында жеңіске жету мүмкіндігін талдау, жастарды саяси үдерістерге тарту (электоралдық белсенділіктін арттыру) мүмкіндігі. Ашық ақпараттық кеңстіктегі коммуникация ең алдымен демократиялық принциптерді көрсетеді.

Орталық сайлау комиссиясы өкілінің мәлімдемесінен белгілі болғандай, ақпараттық кеңістік пен сайлау алдындағы іс-шаралар арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, үгіт материалдарын шығару онлайн платформалар арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық, енді әр БАҚ-тан бір өкіл және әр телеарнадан үш өкіл дауыс беру күні ресми куәлігі болған жағдайда сайлау учаскесінде бола алады.

Мінсіз мемлекеттік саясат ашықтық принципіне негізделген болса, медиа саласындағы өзара әрекеттесу барлық кандидаттар тең жағдайда бәсекеге түсе алатын ашық сайлау процесінің көрсеткішін көрсетеді.

Айжан Молдағалиева,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
аға сарапшысы