2025 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінде Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері – Саяси және коммуникациялар бөлімінің басшысы Сэмюэл Ч. Миллс (Samuel Charles Mills) және Елшіліктің саяси және басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Лариса Канафинамен кездесу өтті..
Сапардың мақсаты Алматы қаласындағы ҚСЗИ сарапшыларымен кездесу және ҚСЗИ Алматыдағы өкілдігінің қызметімен, атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысу, ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын талқылау, бірлескен іс-шаралар мен жобаларды өткізу болды. ҚСЗИ сарапшылары өздерінің ғылыми қызығушылықтарымен және негізгі зерттеу тақырыптарымен бөлісті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан мен негізгі серіктестер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, өзгермелі геосаяси жағдайдағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, сын-қатерлері мен тәуекелдері, сондай-ақ алдағы экономикалық реформалар мәселелері талқыланды.
Тараптар Ұлыбритания мен Қазақстанның ғылыми-зерттеу және талдау орталықтары, сарапшылары арасында байланыс орнатуға, әлемдегі жағдай, геосаясат пен әлемдік экономика мәселелері, жаһандық және өңірлік проблемалар өзекті болып табылатын екі елдің сараптамалық алаңдарына қатысуға мүдделілік танытты.