2025 жылдың 23 мамырында Астана Халықаралық университетінде (AIU)«ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық-процестік кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10 жылдығы: қорытындылар, қолдану тәжірибесі және келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Әкімшілік құқық» секциясы аясында және «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Марат Жумагұлов баяндама жасады.
Баяндаманың тақырыбы – «Қазақстандағы айыппұлдар: әкімшілік жауапкершіліктің эволюциясы және құқық қолдануды ізгілендіру жолдары».
ҚСЗИ сарапшысы әкімшілік шараларды қолданудағы өзекті мәселелерді атап өтіп, Еуропалық одақ, АҚШ, Жапония және Қытайдың халықаралық тәжірибесіне сүйенуді ұсынды.
Марат Жумагұлов әкімшілік жауапкершілікті ізгілендіру бойынша бес негізгі қадамды атап өтті, олар ұсыныстар жобасына енгізілді:
- Жазалаудың орнына алдын алу – ескерту түріндегі әкімшілік шараларды кеңінен қолдану.
- Әкімшілік айыппұлды қолдану үдерісін цифрландыру: тіркеуден бастап төлеу мен шағымдануға дейін онлайн форматта жүргізу.
- Айыппұл мөлшерін белгілеуде пропорционалдық – айыппұл құқық бұзушылықтың сипатына сәйкес болуы керек.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру – мектептер, БАҚ, ХҚКО, мәслихаттар және басқа да арналар арқылы құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу.
- Мониторинг және кері байланыс – сауалнамалар, істерді аудиттеу, кейс-талдау, аймақтар бойынша ашық есептер.
Осылайша, халықтың санасында айыппұл – бюджетке түсетін карательдік шара емес, құқықтық тәртіп пен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру құралы екені туралы түсінік орнығуы қажет.