Skip to content
Басты бет » Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына жаңа директорды таныстырды

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына жаңа директорды таныстырды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен институттың директоры қызметіне тағайындалған Жандос Шаймардановты таныстырды.

Сондай-ақ Ерлан Қарин Институттың бұрынғы директоры Еркін Тұқымовқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік кеңесші институт басшысына талдау материалдарын сапалы әзірлеуге, зерттеу әдістемесін жетілдіруге, жаңа бағыттардағы жұмысты жандандыруға және  талдаумен айналысатын басқа да құрылымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге қатысты маңызды міндеттер жүктеді.