2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты Қытай халықаралық зерттеулер академиясының (ҚХЗА) делегациясымен кездесу өтті. Бұл сапар Қазақстан мен Қытайдың сараптамалық орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және сарапшылық диалогты дамыту аясында ұйымдастырылды.
ҚХЗА делегациясының құрамына Еуразияны зерттеу институтының жетекші мамандары: институт директоры Ли Цзыго, директордың орынбасары және бас ғылыми қызметкер Хань Лу, сондай-ақ жетекші ғылыми қызметкер Чжао Чжэнь кірді.
ҚСЗИ директорының орынбасары Асқар Нұрша екіжақты әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, сараптамалық алаңдардың өңірлік тұрақты шешімдер қалыптастырудағы рөліне назар аударды.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, ҚСЗИ мен ҚХЗА арасындағы ықпалдастықтың болашағын айқындады. «Орталық Азия – Қытай» форматын дамытуға және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясындағы өзара іс-қимылға база назар аударылды.
Қытай тарапы сараптамалық алмасуды тереңдетуге қызығушылық білдірді.


