Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистранттарының ҚСЗИ ғалым хатшысы Айгүл Көшербаевамен кездесуі өтті. Іс-шара «Аналитикалық жазбаны дайындау» тақырыбындағы көшпелі дәріс форматында ұйымдастырылды.
Айгүл Көшербаева аналитикалық материалдарды әзірлеудің құрылымы, логикасы және негізгі қағидаттары туралы жан-жақты айтып өтті. Ол аналитикалық жазбаның шешім қабылдайтын тұлғаларға мәселені кешенді түрде қарауға және оны шешудің негізделген қадамдарын жасауға көмектесетін маңызды құрал екенін атап өтті.
Дәріс барысында аналитикалық жұмыстың негізгі кезеңдеріне мәселені қарастыру, деректер жинау, қорытынды мен ұсынымдарды әзірлеу үдерістеріне ерекше назар аударылды. Спикер аналитикалық материалдардың қысқалығы, дәлелділігі және практикалық маңыздылығының жоғары болуы қажет екенін атап өтті.
Кездесу соңында магистранттар мемлекеттік басқаруда аналитиктердің маңызы, ҚСЗИ-дың басқа институттармен ынтымақтастығы және аналитика саласында мансап құруға қызығушылық танытқан жастарға қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды.
Мұндай көшпелі дәрістер болашақ мемлекеттік қызметшілердің талдамалық ойлау қабілетін дамытуға және ҚСЗИ мен Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.


