Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Португалия Елшісімен кездесті

ҚСЗИ директоры Португалия Елшісімен кездесті

27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында директор Жандос Шаймардановтың Португалияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Амаралмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ талдамалық және сараптамалық салалардағы өзара әрекеттестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Қонақтарды ҚСЗИ қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, Жандос Шаймарданов екі елдің зерттеу орталықтары арасындағы байланыстарды дамыту мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Ол Қазақстан мен Португалияның жаңартылатын энергетика, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ туризм, денсаулық сақтау және білім беру бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуге үлкен мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Жозе Амарал екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге қызығушылық білдіріп, өзекті бағыттар бойынша сындарлы диалог пен практикалық ынтымақтастықты дамытуға португал тараптың дайын екенін растады.

Дайджест жаңалықтарына жазылу