Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «Орталық Азияның стратегиялық шолуы 2026» атты ғылыми басылымын ұсынады. Шолу авторы – Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев.
Еңбекте Орталық Азияның геостратегиялық, экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік-демографиялық өлшемдердегі дамуының негізгі үрдістері, тәуекелдері мен мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасалған. Зерттеуде өңір ресурстар, инфрақұрылым, институттар және қоғамдық динамика өзара ықпалдасып, тұрақтылықтың бірыңғай жүйесін қалыптастыратын кеңістік ретінде қарастырылады.
Ерекше назар аймақтық тұрақтылықты шектейтін негізгі фактор ретінде су ресурстарына, транзиттік әлеуетті дамытуға, институционалдық үйлестіру сапасына, сондай-ақ демографиялық және әлеуметтік үдерістерге аударылды.
Басылымда геостратегиялық тәуекелдерге талдау, 2026–2030 жылдарға арналған даму сценарийлерінің матрицасы, сондай-ақ негізгі бағыттар бойынша – ресурстар, инфрақұрылым, институттар және әлеуметтік-демографиялық динамика салаларында 2040–2050 жылдарға дейінгі форсайт-болжамдар қамтылған.
Зертету еңбегі 2023–2026 жылдардағы сараптамалық сауалнамалар нәтижелеріне негізделіп, контент-талдау, салыстырмалы интерпретация және сценарийлік модельдеу әдістерін ұштастырады.
Ғылыми еңбекке саяси ғылымдар кандидаттары Д.К. Ахмедьянова мен М.Б. Асанбаев рецензент ретінде сараптамалық баға берген.
Басылым орыс (сілтеме) және ағылшын (сілтеме) тілдерінде қолжетімді, әрі оқырмандардың кең ауқымына арналған. Сонымен қатар ол сарапшыларға, мемлекеттік органдар өкілдеріне, зерттеушілерге, оқытушылар мен студенттерге арналған талдамалық, ғылыми-әдістемелік және анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.


