Skip to content
Басты бет » «Аймақтық барометрді» есептеу әдістемесі

«Аймақтық барометрді» есептеу әдістемесі

«Аймақтық барометр» индекстік талдау әдісі негізінде есептеледі және 2 қосалқы индекстен – саяси тұрақсыздықтан және әлеуметтік әл-әуқаттан тұрады.

Саяси тұрақсыздық қосалқы индексі келесі социологиялық индикаторлар:

  • наразылықтардың туындау ықтималдығы;
  • наразылық акцияларына жеке қатысуға дайындық;
  • ҚР Президентіне сенімсіздік деңгейі;
  • облыстың/республикалық маңызы бар қаланың әкіміне сенімсіздік деңгейі;
  • «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іске асырылуын теріс бағалау негізінде есептеледі.

Әлеуметтік әл-ауқат қосалқы индиексі келесі социологиялық индикаторлар:

  • жинақтардың болмауы кезінде халықтың қарыз жүктемесі;
  • төмен және ортадан төмен сатып алу қабілеті;
  • жұмысқа қанағаттанбаушылық;
  • медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаушылық;
  • білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанбаушылық негізінде есептеледі.

-индекса_каз

1-ҚАДАМ. Әр аймақ бойынша индикаторлардың пайыздық мәндерін индекстік мәнге ауыстырамыз.

2-ҚАДАМ. Аймақтар аясында әрбір қосалқы индекс бойынша орташа арифметикалық мәнін шығарамыз.

3-ҚАДАМ. Әрбір аймақ бойынша қосалқы индекстің пайыздық мәнін шығарамыз

4-ҚАДАМ. Индекстің жалпы мәнін пайызбен шығарамыз

5-ҚАДАМ. Кері сызықтық масштабтауды жүзеге асырамыз (алынған мәнді 100%-дан шегереміз).

Келесі шкала негізінде «Аймақтық барометрді» құрамыз.

-барометр-каз-1