Іс-шараның негізгі лейтмотиві қауіпсіздік пен даму арқылы адам құқықтарын ілгерілету идеясына арналады. Қытай зерттеушілерінің айтуынша, кедейлік – адам құқықтарын қамтамасыз етудегі басты кедергі, сол себепті бұл саладағы халықаралық күн тәртібі дамушы елдердің ұстанымын көрсетуі қажет. Осыған байланысты Қытайдың 10 жыл бұрын ұсынылған «Белдеу және жол» жаһандық бастамасы халықаралық ынтымақтастықтың ең ірі платформасына айналды.
Форумға Орталық Азияның бес елі мен ҚХР-дан 100-ден астам зерттеушілер, сарапшылар, жастар ұйымдарының өкілдері келді. Ал ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай форум қатысушыларына бейнеүндеу жолдады.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Азиялық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Әлия Мұсабекова «Белдеу және жол» бастамасын бірлесіп іске асыру – адам құқықтарының дамуы мен ілгерілеуі» сессиясында сөз сөйледі. Ол Конституциялық соттың жұмысы және саяси жаңғыру мен жаңа экономикалық саясат тұрғысынан Қазақстандағы адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы басқа да реформалар туралы баяндады.