Skip to content
Басты бет » Widening the Scope. Халықаралық қатынастар теориясының көкжиегін кеңейту

Widening the Scope. Халықаралық қатынастар теориясының көкжиегін кеңейту

2023 жылғы 26 қыркүйекте Назарбаев Университетінде «Widening the Scope: How Middle Powers are Changing Liberal Institutionalism» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен Назарбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Таныстырылымға дипломатиялық, ғылыми-зерттеу және сараптама топтарының өкілдері қатысты. Монография Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының 30 жылдығына орай таныстырылды.

Кітап авторы – Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы, халықаралық қатынастар және саяси экономика жөніндегі маман Мирас Жиенбаев.

«Widening the Scope» – халықаралық қатынастардағы «орта державалардың» рөлін зерттеуге арналған Қазақстандағы алғашқы монографиялық зерттеулердің бірі. Басылым басқарудың әлемдегі «орта» деңгейде қалай жұмыс істейтінін, «орта державалардың» әлемдік мәселелерді қалай шешетінін және олардың халықаралық аренада бір-бірімен қалай әрекеттесетінін түсіндіреді.

Іс-шараны модератор рөлін атқарған М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова ашты. Айта кетейік, алғысөзді Назарбаев университеті Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары, университет негізін қалаушы, экс-президент және президент кеңесшісі Шигео Катсу ұсынды. Өз сөзінде ол кітаптың тұсаукесері Қазақстанның кәсіби академиялық қоғамдастығында маңызды оқиға болғанын атап өтті.

Аталған кітап биыл 13-14 шілдеде ҚСЗИ ұйымдастыруымен өткен Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумының аясында Астана қаласында алғаш рет жарияланды. Еңбек халықаралық академиялық және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің арасында кеңінен танылып, оң пікірлер алды.

Кітап келесі сілтеме бойынша қолжетімді.