25 қазанда Минск қаласында «Стратегиялық талдау және болжау. Жаһандық әлемдегі Беларусь» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Беларусьтің жетекші талдау орталығы – Беларусь стратегиялық зерттеулер институты (БСЗИ) өткізді. Посткеңестік елдер атынан, сондай-ақ Иран, Түркия, Вьетнамның талдау және ғылыми-зерттеу орталықтарынан қатысқан қатысушылар арасында «ақыл-ой ұстаханаларының» қызметі, зерттеу жұмыстарының әдіснамалық және техникалық құрамдас бөліктері, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты.
Бұдан бөлек 26–27 қазан күндері Минскте «Еуразиялық қауіпсіздік: өзгермелі әлемдегі ақиқат пен перспективалар» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтті. Іс-шара Беларусь және шетелдік сарапшылардан басқа халықаралық және өңірлік ұйымдар мен сыртқы саяси ведомстволардың басшылығы мен өкілдерін жинады. Атап айтқанда, конференцияға ҰҚШҰ, АӨСШК, Ресей мен Беларусь одақтас мемлекетінің Бас хатшылары, ТМД, ШЫҰ-ның жоғары лауазымды өкілдері, Беларусь, Ресей және Мажарстан Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Иран, Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары және т.б. қатысты.
Аталған іс-шара Беларусь СІМ ұйымдастыруымен қазіргі геосаяси жағдайларда еуразиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылау мақсатында, Беларусь Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалығы аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтынан іс-шараларға директордың орынбасары Асқар Нұрша қатысты.