Skip to content
Басты бет » Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің отырысына қатысты

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің отырысына қатысты.

https://www.akorda.kz/kz/memlekettik-kenesshi-kazakstannyn-strategiyalyk-zertteuler-instituty-gylymi-kenesinin-otyrysyna-katysty-1005945

Жиында институттың биылғы жылға жоспарланған талдау жұмысының негізгі бағыттары мен маңызды іс-шаралары талқыланды. Атап айтқанда, ҚСЗИ ел дамуының ішкі саяси үдерістері мен экономикалық үрдістерін зерттеуге, сондай-ақ сыртқы саяси ахуалды бағамдауға баса мән береді.

Өз кезегінде Мемлекеттік кеңесші институттың алдағы уақытта атқаратын міндеттеріне тоқталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-бағдарын айқындағанын атап өтті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты басты талдау орталығы ретінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатты сараптамалық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіне белсене атсалысуы керек.

Бұдан бөлек, Ерлан Қарин институттың аймақтардағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты нығайтуға, жас сарапшыларды қолдауға, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге, соның ішінде «Central Asia’s Affairs» журналын бірлесіп әзірлеуге қатысты жоспарлары мен бастамаларына оң баға берді.