Құрметті авторлар!
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2004 жылдан бері «Central Asia’s Affairs» ғылыми журналын жариялайды. Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінде тіркелген және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне және Қазақстандық дәйексөз базасына (ҚазДБ) кіреді.
«Central Asia’s Affairs» – тоқсан сайын шығарылатын рецензияланған журнал. Журнал халықаралық қатынастар мен саяси ғылымдар салаларынан сарапшыларды тартып, аймақтың ғылыми пікірталастары мен саяси талқылауларына үлес қосады. «Central Asia’s Affairs» журналының негізгі мақсаты – Орталық Азия аймағындағы оқиғалар мен өзгерістерді талдау және көрсету.
Біз қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілерге пікір бөлісуге арналған алаң ұсына отырып, оларды 2024 ж. II жартыжылдығында және 2025 ж. журнал шығарылымдарына шақырылған редактор ретінде серіктестікке шақырамыз.
Сіздерді өңір зерттеушілері ретінде 2024 жылға арналған тақырыптық бағыттарға сәйкес келетін ғылыми мақалаларды ұсынуға шақырамыз. Сіздердің еңбектеріңіз журналымыздың дамуына өз үлесін тигізеді деп сенеміз.