Бұл туралы Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапарында айтты. Кездесу барысында 14 түрлі құжатқа қол қойылды. Қандай бағыттарға басымдық берілді?
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы мәселелерді талқылады. Сарапшылар бұл сапардың берері мол дейді.
Әділ КАУКЕНОВ, САРАПШЫ:
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас тығыз. Бұл тек екі елге ғана емес, көптеген мемлекетке оң ықпал етуде. Мысалы, Транскаспий бағыты Оралық Азия мен Оңтүстік Кавказды ғана байланыстырған жоқ. Шығыс елдерінің тауарларын Еуропаға, Таяу Шығысқа жетуіне жол ашты. Сол үшінде екі елдің транспорттық әлеуетіне қызығушылар мен инвесторлар көбеюде.