10 мамыр күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстан мен Жапонияның стратегиялық әріптестігінің оң динамикасына тоқталып, ҚСЗИ-дың жапониялық зерттеу институттары, талдау орталықтары және қорларымен ынтымақтастығының оң тәжірибесіне баса назар аударды.
Ямада мырза институттың 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар алдағы 13-14 шілдеде жиырмадан астам елдің жетекші әлемдік сарапшылары қатысатын Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумына қызығушылық танытты.
Кездесу барысында тараптар байланыстарды одан әрі кеңейту туралы келісіп, қос елдің талдау орталықтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды күшейтуге қызығушылық білдірді.