Skip to content
Басты бет » Астана Халықаралық форумы аясындағы кездесу

Астана Халықаралық форумы аясындағы кездесу

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Австрия институтының Еуропалық саясат және саяси қауіпсіздік жөніндегі директоры Майкл Зинканеллмен Астана Халықаралық форумы аясында кездесу өткізді.

Қазақстанның алдағы 5 жылға арналған стратегиялық перспективалары туралы айта келе, ҚСЗИ директоры сыртқы саясаттың барлық салаларындағы теңдестірілген қарым-қатынастарға бірінші кезекте мән берілетінін айтты. Сондай-ақ көлік және логистикалық маршруттарды әртараптандырудың маңызы артып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанның ұлттық басымдығы қазір әртүрлі геосаяси күштер арасындағы тепе-теңдікті сақтау екенін сөз етті: «Менің ойымша, біз сыртқы әріптестермен қарым-қатынасымызды үзбеуіміз керек. Қытай, Ресей, Орталық Азия елдерімен және Каспий өңірімен көршілес болу –  біз үшін ерекше маңызға ие. Орталық Азия өңірінде тұрақтылықты сақтау – еліміздің сыртқы саясатының басымдығы», – деді Еркін Тұқымов.

Тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастардың әлеуетін талқылап, қазақстандық жүктердің Еуроодаққа экспорты 6,5 есеге артқанын атап өтті.

Кездесу соңында қос тарап Қазақстан мен Австрия арасындағы қарым-қатынасты дамытудың басым бағыттарын талқылады. Оған қоса тараптар зерттеулер мен тәжірибе алмасуда байланыс орнатуға келісті.