Skip to content
Басты бет » Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастарды дамыту — ҚСЗИ және ОАХИ басшылары кездесуінің басты назарында

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастарды дамыту – ҚСЗИ және ОАХИ басшылары кездесуінің басты назарында

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов онлайн-кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық және сараптамалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Еркін Тұқымов Жавлон Вахабовты ОАХИ директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтады:

– Құрметті Жавлон Абдужалолұлы, сізді көргеніме қуаныштымын және бауырлас Өзбекстанның талдау орталығының басшысы лауазымына тағайындалғаныңызбен құттықтаймын. Сіз Орталық Азия бойынша, халықаралық тақырып бойынша тәжірибелі дипломатсыз, біздің елдеріміздің ынтымақтастығына үлес қосатыңызға сенімдіміз.

Жавлон Вахабов өз кезегінде КЗСИ-дың аймақтағы беделді ғылыми-зерттеу институты екенін атап өтті. «Сіздерді, Еркін Валитханұлы мен әріптестеріңізді көруге қуаныштымын! ҚСЗИ зерттеулері Орталық Азия өңіріндегі жұмыс форматын белгілейді. Қазақстан біз үшін рухы жағынан жақын – ортақ мәдени байланыстары мен дәстүрлері бар бауырлас халықпыз. Бізді өзара шекаралардың ұзындығы байланыстырады, елдеріміз дәстүрлі түрде біздің аймақтың қозғаушы күші ретінде қарастырылады».

Екі талдау орталығының басшылары өңірлік күн тәртібі бойынша бірлескен ниеттерді және Астанада өтетін VII Орталық Азия сараптамалық форумының бағдарламасын талқылады.

Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы шоғырландыру процестері аймақтың жалпы көрінісін анықтайтынын және бұл маңызды екенін атап өтті:

– Орталық Азия аймағындағы елдердің бірігуі сенімді қарым-қатынастың үлгісі болып табылады. Шілдеде ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар өтеді – биылғы жылы біздің халқымыздың өмірін жақсарту және бірлескен күш-жігерімізді таныту үшін прогрессивті қозғалыстарды көрсетуге көптеген себептер бар.

Жавлон Вахабов Астанада өтетін форумның күн тәртібі бойынша бірлескен жұмыс форматын ұсынды:

-VII Орталық Азия сараптамалық форумының бағдарламасы бойынша консультативтік форматта көзқараспен алмасамыз. Біз халықтарымызға пайда әкелетін белсенді негізгі ұстанымдарды қолдаймыз. Біздің өңір елдерінің консультативтік кездесулері президенттік саммиттердің екінші кезеңіне өтті. Өткен жылы ол Душанбеде өтті, Биыл Астанада өтеді. Бұл өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық, сауда, инвестициялар мәселелері.

– Біз бірлескен зерттеу жұмыстарын, ұжымдық монографиялар жазуды қолдаймыз, – деді Еркін Тұқымов. Біз Central Asia’s Affairs журналында жарияланымдар деңгейін көтеру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, Global Asia (Оңтүстік Корея) халықаралық басылымының бүкіл нөмірі Орталық Азияға арналды, – деп қорытындылады ҚСЗИ директоры.

Талдау орталықтары басшыларының онлайн-кездесуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестікті тереңдету және достық қарым-қатынасты нығайту үшін бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асырудың маңызды қадамы болды.