Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасы Парламентінің Жоғарғы палатасына сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жоғарғы палатасына сайлау туралы

Өздеріңіз білетіндей, бүгін Парламент Сенатының сайлауы өтті. Бірнеше айлық үзіліспен соң, олардың артынан Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауы өтеді. Бұл іс-шаралар 2022 жылдың соңында өткен президенттік сайлаумен бірге елдің бүкіл саяси жүйесін қайта жаңғыртуға бағытталған сайлау циклінің соңғы кезеңі болады.

Бұл ретте, 2022 жылғы референдумда қабылданған конституциялық түзетулер аясындағы, сондай-ақ Мемлекет басшысының саяси реформалар бағдарламасына сәйкес бүгінгі таңдағы маңызды жаңалықтардың бірі – Сенаттың заң шығару үдерісіндегі және елдің саяси өміріндегі рөлі мен маңызын айтарлықтай қайта қарастыру болып табылатынын атап өткен жөн.

Біріншіден, Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту көзделуде (оның 5-еуі ҚХА ұсынатын болады). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сенаторлардың өкілеттік мерзімі алты жыл. Сайланған депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.

Екіншіден, бұдан былай Сенат тек Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе бекітпеу құқығына ғана ие болады, яғни енді өз бетінше заң шығара алмайды. Бұл функция тек Мәжіліске жүктелген, бұл Парламенттегі заң шығару рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді және жеделдетеді.

Үшіншіден, Сенатқа маңызды мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындауға келісім беру, мысалы, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидаттарды бекіту секілді қосымша функциялар берілген.

Төртіншіден, бұл Сенат сайлауында республиканың барлық 20 өңірінде бір депутаттан сайланды, бұл жоғарғы палатаның бүкіл құрамының жартысына жуығын құрайды. Бұл өңірлердегі Сенаттың пропорционалды өкілдігінің артқанын көрсетеді, ол өз кезегінде жергілікті сайлаушылардың өңірдің саяси өміріне белсендірек қатысуын ынталандырады. Бұған, атап айтқанда, республика бойынша ағымдағы сайлауда жоғарғы палатадағы Сенат депутаттығы үшін 20 орынға 130 үміткердің ұсынылуы дәлел болады. Дәл осындай 2020 жылғы Сенат сайлауында 94 үміткер, 2017 жылы – 89 үміткер, ал 2014 жылы – 88 үміткер ұсынылған болатын. Мұндай инерция өңірлердің мүдделерін ескеруге бағытталған ұстанымды байқатады, бұның қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасында атап өткен болатын.

Жалпы, бұл сайлауды өткізу қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы 2022 жылғы 26 қарашадағы өзінің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде тоқталып, Парламенттің жоғарғы палатасына сайлауды мерзімінен бұрын өткізу биліктің негізгі институттарының жұмысын кезең-кезеңімен қайта жаңғыртудың мәніне сәйкес келетінін және Қазақстандағы саяси модернизациясының құрамдас бөлігі болып табылатындығын атап өткен еді. Оның үстіне, 2017 жылы сайланған Сенат депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ағымдағы Сенат сайлауы конституциялық мерзімге сәйкес өтуде.

 

Мұхит Асанбаев,

ҚР Президенті ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері