«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-30-59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жаһандық экономика және орнықты даму бөлімінің аға сарапшы, В1-4 санаты
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің күрделі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар енгізу; жаңа ғылыми зерттеулердің бағытын негіздеу, оларды жүргізу әдістері, осы үшін қажетті құралдарды таңдау; институтта ғылыми-практикалық конференцияларды, «дөңгелек үстелдерді» дайындауға және өткізуге қатысу Бөлім, сондай-ақ институт басшылығының жұмыс кездесулері; республикалық және халықаралық сараптамалық іс-шараларға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-4 | 482 011 | 581 699 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; өнертабыстарға ғылыми еңбектері мен авторлық куәліктері және PhD ғылыми дәрежесі болған кезде жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.