Электронды үкіметтің – мемлекеттік билік органдары мен халық арасындағы цифрлық өзара іс-қимыл ұйымының мүмкіндіктерін пайдалану туралы қазақстандықтардың сауалнама нәтижелерін ұсынамыз.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың жартысына жуығы Электронды үкімет қызметтерін біледі және пайдаланады (46,5%). Жас аясында – респонденттер қаншалықты жас болса,
электронды үкімет порталын соншалықты жиі пайдаланады: 53,9% – 18-44 жастағы респонденттер; 40,3% – 45-60 жас аралығында; 19,1% – 61 жастан бастап және одан жоғары. Осы
санаттағы респонденттердің арасында ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары жиі (50% және 40,8%), жоғары білімі бар респонденттер (59%), ал өңірлер аясында Электронды
үкімет қызметтерін Шымкент (96,8%), Алматы қ.(64,7%), Қызылорда (64,6%), Павлодар (62,7%) және Қостанай (60,7%) облыстарыныңтұрғындары жиі қолданады.
Материалдың толық нұсқасын мына жерден қараңыз