Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры ҚР СІМ-де Еуропарламент өкілдерімен кездесті

ҚСЗИ директоры ҚР СІМ-де Еуропарламент өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов 2023 жылдың 22 тамызында Еуропалық парламент делегациясымен кездесу өткізді.

Қонақтардың арасында Еуропарламенттің бірқатар жетекші партиялық топтарының депутаттары, саяси кеңесшілері болды. Тараптар талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Еуроодақтың ғылыми ынтымақтастығын күшейту қажеттігін талқылады.