Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ мен «Отандастар қоры» КЕАҚ Ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды

ҚСЗИ мен «Отандастар қоры» КЕАҚ Ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Отандастар қорының» КЕАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар ынтымақтастық жолдарын талқылап, өзара іс-қимыл жоспарын  нақтылады. Кездесу барысында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен Қор президенті Абзал Сапарбекұлы қос ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат ғылыми материалдармен алмасуды, өзара ақпараттық қолдауды, бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуді көздейді. Сонымен қатар тараптар бірлескен зерттеулер жүргізіп, өз басылымдарында ғылыми мақалалар жариялай алады. Құжат ғылыми-сараптамалық диалог пен ынтымақтастықтың дамуына үлес қосуға бағытталған.