Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшылары ынтымақтастық және ядролық қаруды таратпау мәселелерін ресейлік әріптестерімен талқылады

ҚСЗИ сарапшылары ынтымақтастық және ядролық қаруды таратпау мәселелерін ресейлік әріптестерімен талқылады

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Энергетика және қауіпсіздік орталығының директоры Антон Хлопковпен және Е. М. Примаков атындағы сыртқы саяси ынтымақтастық орталығының атқарушы директоры Виктория Карслиевамен кездесу өтті.

Талқылау ҚСЗИ мен Энергетика және қауіпсіздік орталығының ядролық қаруды таратпау саласындағы ғылыми-зерттеу және талдау қызметіне қатысты ақпарат алмасу тақырыбына арналды. Айта кетейік, бұл кездесу 16 маусым күні, ҚСЗИ-дың құрылғанына 30 жыл толған күні өтті. Ядролық қаруды таратпау мәселелері институт құрылған жылдары басты мәселе болды және бұл тақырып ҚСЗИ үшін әлі күнге дейін өзекті болып қала береді.

Энергетика және қауіпсіздік орталығының директоры Антон Хлопков ұйымның қызметі мен жобалары туралы айтты. ҚСЗИ сарапшыларын алда болатын іс-шараларға қатысуға шақырды.

Сондай–ақ тараптар ұйымдардың сараптамалық диалогын одан әрі кеңейтуге келісті.