2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Қазақстанның өңірлері: сын-қатерлері мен шешу жолдары» Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының 3-ші циклінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл бастама еліміздің ғылыми-сараптамалық әлеуетін дамытуға, Қазақстан өңірлерінің және жалпы еліміздің дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті жоғары білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама қорытындысы бойынша 4 финалисттің жұмыстары үздік деп танылды:
• Сымбат Абдрахманова, «Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейін төмендету бойынша шаралар: проблемалар мен шешу жолдары (Қызылорда облысының мысалында)»;
• Айғаным Исенова, «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау (Қарағанды облысының мысалында): міндеттер мен шешімдер»;
• Жұлдыз Молдағазинова, «Тілдік бейімділіктер және тілдік қақтығыстардың пайда болу себептері»;
• Борис Поломарчук, «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттар: 2022 жылғы конституциялық реформалардың нәтижелері мен перспективалары».
30 жылдан астам уақыт ішінде ҚСЗИ кәсіби даярланған кадрлардың ұстаханасына айналды. Соңғы бірнеше жылда өңірлермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде: ҚСЗИ жанынан Өңірлермен жұмыс бөлімі құрылды, Өңірлік сарапшылар кеңесі жұмыс істейді. Өңірлермен жұмыстың келесі бағыты «Жас сарапшыларды қолдау» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу ережесіне енгізілген өзгеріс болды. 2024 жылы назар өңірлік қатысушыларға ерекше назар аударылды, өйткені Алматы мен Астана қалаларының зерттеушелері басқа бағдарламаларға, әсіресе офлайн форматта қатысуға мүмкіндіктер бар. Осылайша, Бағдарламаға қатысу үшін Қазақстанның бірнеше өңірінен он сарапшы таңдалды: Абай және Қарағанды облыстарынан екі сарапшы және Алматы, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарынан бір сарапшы қатысты.
Финалистерді марапаттау рәсімінде ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов өңірлерден келген сарапшылармен жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталды. «ҚСЗИ-дың зерттеулік тізіміндегі басым бағыттардың бірі аймақтарды дамыту болып табылады. Сондықтан, біз, бір жағынан, өңірлерде өмір сүретін және өңірдің ерекшеліктерді түсінетін өңірлік мамандарымен жұмыс жасағымыз келеді, ал екінші жағынан, өңірлік зерттеулер жүргізудегі тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. ҚСЗИ-ның бұл бағытта белгілі бір тәжірибесі мен жетістіктері бар», — деп атап өтті Е.Тұқымов.
Өңірлік сарапшылардың артықшылығы ретінде ҚСЗИ директоры олардың өңірлік проблемаларына араласуын атап өтті. «Өңірлерде тұратын маманды сол жердің дамуы мен проблемалары бей-жай қалдырмайды. Біз бұдан кейінгі кезеңде де жұмыстарыңызды жалғастырып, өзгелерді шабыттандырып, еліміздің дамуына үлес қосасыздар деп сенеміз», — деді директор.
Бағдарламаның қорытындысы бойынша финалистер ҚСЗИ кадрлық резервіне енгізілді. Осылайша, өңірлік сараптамалық желіні кеңейтудің одан әрі перспективаларын, сондай-ақ өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметін ескере отырып, ҚСЗИ бүкіл ел бойынша сарапшыларды даярлауға өз үлесін қосуда. Өткен жылдардағы Бағдарлама жеңімпаздарының бірі, бүгінде ҚСЗИ Стратегиялық талдау бөлімініңентін басқаратын Елнар Берікбаевты мысалға келтіруге болады.
Тәжірибе көрсеткендей, Бағдарлама жас сарапшылардың жаңа және бұрыннан бар бастамаларына қолдау көрсетеді, мәселелерді тұжырымдау, мәліметтерді жинау және талдау бойынша маңызды және нарықтық дағдыларды дамытады.