2024 жылғы 7 қарашада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупумен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын, сондай-ақ әлемдік саясаттың өзекті тақырыптарын талқылады.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан мен Румынияның сараптамалық қауымдастықтары арасында диалог орнату қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде Елші Мадалина Лупу Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастықты тереңдетудегі рөлін, сондай-ақ Астананың халықаралық аренадағы дипломатиялық күш-жігерін жоғары бағалады. Кездесу сындарлы диалог атмосферасында өтті. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады.