Skip to content
Басты бет » Германияның Бас консулы ҚСЗИ-ға келді

Германияның Бас консулы ҚСЗИ-ға келді

2024 жылғы 12 қарашада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Алматы қаласындағы ГФР бас консулы Маттиас Кислер мырзамен кездесу өтті.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Кислер мырза Орталық Азия мен Қазақстан Германияның сыртқы саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті. Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстан-Герман диалогын дамытудың маңыздылығын атап өтті.