Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері ESCAS және CESS конференциясына қатысты

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері ESCAS және CESS конференциясына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова 2025 жылдың 7-11 қаңтарында Португалияның Лиссабон қаласында өткен European Society of Central Asian Studies (ESCAS) және Central Eurasian Studies Society (CESS) бірлескен конференциясына қатысты. Конференцияның тақырыбы: «Геосаясат, миграциялар және идентификация».

Іс-шараға Орталық Азия бойынша жетекші ғалымдар, сарапшылар мен зерттеушілерді қоса алғанда, әлемнің 320-дан астам елінен қатысушылар жиналды. Конференция барысында геосаяси мәселелер, көші-қон үдерістері және мәдени идентификация тақырыптары талқыланды.

Айгүл Забирова «Орталық Еуразиядағы қазіргі ислам» сессиясында спикер ретінде сөз сөйлеп, «Қазақстандағы қажылық тәжірибелеріндегі исламмен тоғысулар мен алшақтықтар» жобасының нәтижелерін ұсынды. Өз баяндамасында ол Қазақстандағы қажылық тәжірибелерінің қазіргі жағдайы мен олардың ислам дәстүрлерімен өзара әрекеттестігіне талдау жасады.

Институттың осындай ауқымды іс-шараларға қатысуы қазақстандық ғалымдардың халықаралық аренадағы зерттеулерінің маңыздылығын айқындап, елдер мен өңірлер арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал етеді.