Ғаламдық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан реформалар мен дипломатияны үйлестірудің табысты үлгісін көрсетіп, халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда. Осыған байланысты Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың «Президент Тоқаевтың реформалары мен дипломатиясы (Қауіптерден жаңа мүмкіндіктерге және Қазақстанның тұрақтылығына)» атты мақаласы Ресей Ғылым академиясының «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» аттығылыми журналында жарияланды.
«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» журналы Е.М. Примаков атындағы Ресей ғылым академиясының (РҒА) Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институтының қолдауымен жарық көреді. Басылымның құрылтайшысы — РҒА, ал басқаруды Жаһандық мәселелер мен халықаралық қатынастар бөлімі жүзеге асырады. Журнал Ресейдің Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАК) тізіміне енгізілген және РИНЦ пен Scopus сияқты беделді деректер базаларында индекстелген.
Еркін Тұқымовтың мақаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалардың негізгі аспектілерін талдайды. Автор бұл өзгерістердің алғышарттарын және олардың елді жаңғырту мақсаттарымен байланысын нақтылап көрсетеді.
Әсіресе, қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық қызметіндегі жаңа сын-қатерлер мен тәсілдерге ерекше назар аударылған. Мақалада реформалардың елдің тұрақтылығы үшін стратегиялық маңызы және Қазақстанның алдында ашылып отырған жаңа мүмкіндіктердің әлеуеті жан-жақты ашылған.
Мақалада Қазақстанның реформаларды қолдана отырып, қауіп-қатерлерді еңсеру және жаңа мүмкіндіктерді іске асыру арқылы өз тұрақтылығын нығайту және халықаралық аренадағы рөлін күшейту жолдары талданған.
«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» журналындағы бұл жарияланым Қазақстанның реформалар жүргізу және ынтымақтастықты дамыту тәжірибесінің маңыздылығын айқындап, аймақтық тұрақтылық пен орнықты дамуды нығайтудағы оның рөліне халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Мақаланың толық нұсқасымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.imemo.ru/en/index.php?page_id=1248&file=https://www.imemo.ru/files/File/magazines/meimo/05_2024/10-TUKUMOV.pdf