Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық санада құқық тәртібін сақтау және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, шектеулер немесе айыппұлдар енгізу кезінде парасаттылықты басшылыққа алу керек.
Айыппұл – әкімшілік құқықта ең көп қолданылатын мәжбүрлеу ықпал ету шарасы.
Айыппұлдың негізгі мақсаты – заңсыз әрекеттердің жолын кесу және алдын алу. Сонымен қатар, айыппұлдар да шамадан тыс болмауы керек.
2025 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Осы Заңның аясында, мысалы, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 50%-ға төмендетілді:
1) діни жоралғыларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу;
2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;
3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы объектілерді әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату;
«Бар әлемдік тәжірибе мәжбүрлеу шараларынсыз тәртіпке қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетіп отыр, сондықтан біз мемлекеттің іс-әрекетіне түсіністікпен қарауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.
Елнар Берікбаев,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы