Skip to content
Басты бет » Қазақстандағы Өзбекстан Елшісімен кездесу

Қазақстандағы Өзбекстан Елшісімен кездесу

2025 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі делегациясымен кездесу өтті.

Өзбекстан делегациясының құрамында Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов пен Өзбекстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісі Рустамджан Хакимов болды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзекті екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сарапшылық деңгейдегі өзара іс-қимылға, көпжақты форматтағы серіктестік перспективаларына және диалогты дамытудағы жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, алдағы саяси және сарапшылық іс-шаралар, оның ішінде форумдар, талдамалық пікірталастар мен стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамалар қарастырылды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов сарапшылық өзара іс-қимылдың және екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Елшілігінің өкілдері екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, ҚСЗИ өкілдерін 2025 жылғы 28–29 сәуірде Ташкентте өтетін талдау орталықтарының форумына қатысуға шақырды. Олар сондай-ақ аналитика және стратегиялық болжау саласындағы бірлескен бастамаларды үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.