Skip to content
Басты бет » Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігінде Ханнс Зайдель қоры жобасының басшылығымен кездесу өтті

Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігінде Ханнс Зайдель қоры жобасының басшылығымен кездесу өтті

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Алматы қаласындағы өкілдігінде Ханнс Зайдель қорының Орталық Азиядағы жобасының жетекшісі Константин К. Блашкемен кездесу өтті.

Константин Блашке ҚСЗИ-дың Алматыдағы өкілдігінің қызметімен танысып, өзара әрекеттестіктің ықтимал бағыттарын және әріптестік байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

Ханс Зайдель қоры 1967 жылы құрылған және Германияның Христиан-әлеуметтік одағымен (ХӘО) тығыз байланысты. 2009 жылы құрылған қордың Орталық Азиядағы жобасының мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді елдерде мемлекеттік, қоғамдық және парламенттік секторлардың әкімшілік әлеуетін ілгерілету мен қолдау көрсету.

Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруі мен аймақтағы су ресурстарын пайдалану мәселелері, Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен кооперацияның болашағы, өзгермелі жағдайдағы өңірлік қауіпсіздіктің негізгі сын-тегеуріндері мен қауіптері, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы орталықазиялық ұйымдармен Ханнс Зайдель қорының ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Тараптар су мәселелері бойынша пәнаралық зерттеулер жүргізу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша Қордың қолдау көрсететіні жөнінде келісімге келді.