Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Таиланд сарапшылар делегациясымен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Таиланд сарапшылар делегациясымен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Таиланд Корольдігінен келген делегациямен кездесу өтті. Делегация құрамына Чулалонгкорн университетінің Азияны зерттеу институтының өкілдері, Таиландтың Сыртқы істер министрлігі мен Таиланд Корольдігінің Елшілігінің өкілдері кірді.

Жуырда Орталық Азияны зерттеу орталығы ашылған Азияны зерттеу институтының өкілдері алғаш рет Қазақстанға сараптамалық диалог орнату және Қазақстанмен, сондай-ақ тұтастай алғанда Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың болашағын айқындау мақсатында келді.

Келіссөздер барысында тараптар сараптамалық өзара әрекеттестікті кеңейту және ғылыми байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады. Оның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізу, зерттеу жобаларын жүзеге асыру және жарияланымдар дайындау жайы сөз болды. Елдер арасындағы сауда-экономикалық және логистикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы сараптамалық диалогтың басталуы тек екіжақты деңгейде ғана емес, сонымен бірге өңіраралық өлшемде де әріптестікті кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.

Тараптар сараптамалық диалогты нығайтуға бағытталған өзара әрекеттестікті жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.