Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы «Bulletin Insights: парақтан тыс ойлар» жобасы аясында лекция оқыды

ҚСЗИ сарапшысы «Bulletin Insights: парақтан тыс ойлар» жобасы аясында лекция оқыды

13 қарашада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Bulletin Insights: парақтан тыс ойлар» жобасы аясында ҚСЗИ-дың Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы Айнұр Тұқымова дәріс өткізді.

Баяндама бейсаналық деңгейде әсер ететін визуалды стимулдардың саяси көзқарасқа ықпалы туралы болды. Спикер визуалды элементтердің адамның эмоциясы мен саяси реакциясына қалай әсер ететінін түсіндірді. Сондай-ақ ұлттық бірегейлік, мемлекеттік рәміздер және саяси сигналдардың қоғам қабылдауына ықпалы да талқыланды.

А. Тұқымова жасырын визуалды стимулдар көрсетілген эксперимент нәтижелерімен бөлісті. Зерттеу символдардың өте қысқа әрі байқалмайтын әсерінің өзі азаматтардың эмоциясына және саяси мінез-құлқына ықпал етуі мүмкін екенін көрсетті.

ҚСЗИ сарапшылары жастарға зерттеу нәтижелерін түсіндіру, сыни ойлау мен академиялық мәдениетті дамыту мақсатында тұрақты түрде ашық дәрістер өткізіп келеді.