Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

ҚСЗИ сарапшысы «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

2025 жылғы 14 қарашада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы Жанар Накипбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Марапат Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға, сондай-ақ еліміздің рухани мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен табысталды.

Ж. Накипбаева ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы этносаралық үдерістерді зерттеп, бұл салада мол тәжірибе жинақтаған. Ол Оңтүстік аймақтағы этникалық топтар арасында толеранттылық пен сәйкестік мәселелеріне арналған бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Оның ғылыми қызығушылықтарының маңызды бағыты – әйелдердің жағдайын зерттеу, әсіресе мәдениетаралық және этносаралық өзара ықпалдастық тұрғысынан.

Сонымен қатар, Жанар Накипбаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің этникалық топтарды зерттеуге бағытталған екі гранттық жобасына қатысқан және екі монографияның авторы.