19 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына Ұлыбритания Парламентінің делегациясы келді. Қонақтардың қатарында Лейбористер партиясынан Парламент мүшелері Лиам Бирн мен Крис Брайант және Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич болды.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов қонақтарды қарсы ала отырып, Ұлыбританияның жетекші талдау орталықтарымен және университеттерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты қарым-қатынастарын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.
Өз кезегінде британиялық парламентшілер Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысына оң баға берді.