Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ конституциялық реформа бойынша өңірлік сараптамалық талқылаулар циклін жалғастыруда

ҚСЗИ конституциялық реформа бойынша өңірлік сараптамалық талқылаулар циклін жалғастыруда

2026 жылғы 5 ақпанда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Өңірлік сарапшылар кеңесінің кезекті отырысында құқық, саясаттану, әлеуметтану және өзге де ғылым салаларының мамандары жаңа Конституция жобасын талқылады. Өңірлік көзқарасты Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының сарапшылары ұсынды.

ҚР Президенті жанындағы КИСИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина бұл кездесулердің жоғары сапалық деңгейде өтіп жатқанын, өңірлердің кеңінен тартылып, белсенді қатысуы қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Өз кезегінде сарапшылар жекелеген баптардың тұжырымдамаларын нақтылау және олардың құқықтық айқындығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстарын білдірді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару қағидаттары, билік тармақтарының тепе-теңдігі мен конституциялық нормаларды іске асыру тетіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көтерілген бастамалардың қатарында дауларды баламалы түрде шешудің тиімді тетігі ретінде медиация институтын конституциялық деңгейде бекіту ұсынысы бар. Сарапшылардың пікірінше, бұл қоғамда диалог мәдениетін қалыптастыруға және сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Отырыс қатысушылары жаңа Конституция жобасын талқылау барысында кең қоғамдық диалогтың маңыздылығын және кәсіби қауымдастық пікірін ескерудің қажеттілігін атап өтті.

Дайджест жаңалықтарына жазылу