Skip to content
Басты бет » Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысы

Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысы

Қазіргі конституциялық реформаны жаңа шынайылықтарға бейімделген, заманауи мемлекет құруға бағытталған қадам ретінде бағалауға болады. Қолданыстағы Конституция қабылданғанына 30 жыл толған соң, өзгерістер қажеттігі жөнінде шешім қабылданды. Жаңа құжатты әзірлеу үдерісі елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, мынадай кезеңдерді қамтыды:

• түрлі деңгейде өткен 5 айлық талқылаулар;

• азаматтардан түскен 10 000 ұсыныс;

• 130 мүшесі қатысқан Конституциялық комиссияның 12 отырысы, онда жаңа редакцияда қандай өзгерістер болуы керектігі талқыланды.

Негізгі өзгерістер азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, олардың құқықтарын заманауи цифрлық әлем жағдайында қорғауға, сондай-ақ Парламенттің рөлін күшейтіп, оның өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған. Бұл басқару жүйесін неғұрлым ашық әрі азаматтар үшін қолжетімді етуге тиіс. Сонымен қатар соттардың тәуелсіз жұмыс істеуіне баса мән беріледі.

Конституция – бұл жай ғана нормалардың жиынтығы емес. Ол – мемлекеттің даму бағдарын айқындайтын басты құжат, және кейінгі барлық өзгерістер дәл осы негізде жүзеге асады. Бұл үдерістің қалай өтетіні Қазақстанның саяси жүйесінің болашағына ғана емес, ел азаматтарының күнделікті өміріне де тікелей әсер етеді. Реформа дұрыс іске асқан жағдайда, ол әрбір азаматтың өміріне ықпал ететін ұзақ мерзімді оң өзгерістердің берік іргетасына айналуы мүмкін.

Сағыныш Ахантаева,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы

Дайджест жаңалықтарына жазылу