Skip to content
Басты бет » Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ҚСЗИ жанындағы Экономика жөніндегі сараптамалық кеңесте талқыланды

Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ҚСЗИ жанындағы Экономика жөніндегі сараптамалық кеңесте талқыланды

2026 жылғы 13 ақпанда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Экономика жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Шара елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Электр энергиясына сұраныстың артуы, экономиканың цифрландырылуы және жаңа индустриялық жобалардың іске асырылуы жағдайында қатысушылар Қазақстанның энергожүйесінің тұрақтылығын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу бойынша жүйелі шараларды талқылады.

Отырысқа талдау орталықтарының, салалық қауымдастықтардың, бизнес және ғылыми қауымдастық өкілдері – ENERGY Insights & Analytics компаниясының аға серіктесі Алихан Байдусенов, ENERGY Insights & Analytics компаниясының серіктесі Денис Корсунов, «Электр энергетикасы мен энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Өңдеу және талдау департаментінің директоры Марат Калменов, KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Дамир Нарынбаев, IHS Markit компаниясының талдаушы-зерттеушісі және маркетинг жөніндегі маманы Динара Дарибаева, Тау-кен және тау-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасары Максим Кононов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, техника ғылымдарының докторы Алтай Әлімғазин қатысты.

Қатысушылар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының біріне айналып отырғанын атап өтті. Бұл бағытта ұзақ мерзімді өнеркәсіптік және цифрлық өсімді қамтамасз ету алатын жоғары технологиялық энергожүйені қалыптастыруға көшу қажеттігі айтылды.

Дайджест жаңалықтарына жазылу