2026 жылдың 17 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Ғалым хатшысы Айгүл Көшербаева БҰҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитетінің (CEPA) 25-сессиясы аясында өткен «Peer exchange 2: Practical approaches to closing SDG financing gaps through public financial management» атты халықаралық сараптамалық сессияға қатысты.
Өз сөзінде А. Көшербаева Ерікті ұлттық шолулар деректеріне сүйене отырып, Гамбия, Непал және Нигерия тәжірибесіне салыстырмалы талдау ұсынды. Тұрақты даму мақсаттарын стратегиялық жоспарлау мен олардың іс жүзінде жүзеге асырылуы арасындағы алшақтыққа ерекше назар аударылды.
ТДМ-ның Ұлттық стратегияларға интеграциялануының жоғары деңгейіне қарамастан, негізгі шектеулер мемлекеттік қаржыны басқару жүйелерінің тиімділігіне, оның ішінде бюджетті орындау, инвестицияларды басқару және кірістерді жұмылдыруға байланысты екені атап өтілді.
Нақты ұсынымдар қатарында бюджет тәртібін күшейту, мемлекеттік инвестицияларды басқару жүйесін дамыту, шығындардың тиімділігін арттыру және ысыраптарды азайту, сондай-ақ бюджеттеу мен нәтижелер арасындағы байланысты нығайту қарастырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қаржыны басқару (PFM) саласындағы цифрлық шешімдер институционалдық қолдауды қажет ететіні және тиімділікті арттырудың дербес құралы бола алмайтыны атап өтілді.
Қорытындылай келе, спикер ТДМ-ды қаржыландырудағы алшақтықты қысқарту, ең алдымен, мемлекеттік қаржы жүйелерінің нәтижелілігін арттыруға байланысты екенін жеткізді.


