ҚР Президентінің инаугурация рәсімі өтті. Қ. К. Тоқаев 2022 жылғы 20 қарашада өткен сайлауда 81,31% дауыспен жеңіске жетті.
Бұл сайлау мерзімінен бұрын және елдің саяси жүйесінің өзгеру белгісімен өтті. Жыл басынан бері өзгерістерге деген сұраныс Конституциялық өзгерістерде өзінің логикалық жалғасын тапты. Олар елдің саяси күштерінің тепе-теңдігін өзгертіп, Парламенттің өкілеттіктерін біршама кеңейтті. Президенттің өкілеттіктерін жаңартып, құқықтық институттардың жаңа мәртебелерін белгіледі.
Сайлаудың өзі де жаңа жағдайда өтті. Бұл президенттік мерзімге арналған новелламен де байланысты. 2022 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ел Президентінің өкілеттігінің жетіжылдық бір мерзімі белгіленді.
Бұл норма Конституцияның өзгермейтін тармақтарының тізбесіне мемлекеттің тәуелсіздігімен, еліміздің аумақтық тұтастығымен, оны басқару нысанымен, Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарымен қатар енгізілді.
Сонымен қатар бұл сайлауда барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі бар жаңа норма қолданылды. Бұл құқық қазақстандықтардың 5,8%-да іске асырылды. Жалпы, 8,3 млн қазақстандық дауыс беріп, өзінің саяси ерік-жігерін білдірді.
Осылайша Президент инаугурациясы Қазақстанның жаңа саяси циклін іске қосудың символдық салтанатты рәсімі болады деп айтуға болады. Жаңа 2023 жылы Қазақстан жаңартылған қоғамдық шартпен және қазақстандықтардың көпшілігі сайлаған Президентке ресми сеніммен кіреді.
Татьяна Липина,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
аға ғылыми қызметкері