Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Арменияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚСЗИ директоры Арменияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов «елші сағаты» дәстүрі аясында Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Кездесу барысында қос тарап өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі аспектілеріне тоқталып, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Институт басшысы Еркін Тұқымов Оңтүстік Кавказ Қазақстан үшін маңызды аймақ екенін атап өтті. «Оңтүстік Кавказдың маңызы артып келеді. Транскаспий халықаралық көлік бағытының кеңеюі аясында Армения үлкен дәліздің мүшесі болып, транзиттік әлеуетін іске асыра алады», – деді Е.Тұқымов.

Армен Гевондян жоғарыда айтылғандармен келісе отырып, Армения-Қазақстан тарихи-мәдени байланыстарына назар аударды. «Біздің мәдени байланысымыз ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тіпті армян әріптерімен жазылған қыпшақ жазба ескерткіштерінің болуы халықтарымыздың арасындағы өзара сенімділіктің белгісі», – деді А.Гевондян.