Skip to content
Басты бет » К.Ш. Хафизованың «XVIII–XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» атты кітабының тұсаукесер анонсы

К.Ш. Хафизованың «XVIII–XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» атты кітабының тұсаукесер анонсы

2023 жылдың 13 қаңтарында Алматы қаласында отандық танымал ғалым К.Ш. Хафизованың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында басып шығарылған кітабының тұсаукесері өтеді.

Хафизова Клара Шайсұлтанқызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, танымал қытайтанушы. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ардагері. «XVIII-XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы» атты монографиясы екі ғасыр бойы қазақ мемлекеттілігін, аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігін сақтап қалу жолындағы Қазақ хандығы билеушілерінің үш ұрпағының қызметіне арналған.

Ғалымның еңбегінде Қазақстанның көп ғасырлық тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тереңдетіп зерттеу мен түйсіну қажеттігі, халқымыздың тарихы мен отанымыздың болашағына үлкен ықпал еткен айтулы оқиғалар, танымал тұлғалар мен есімдерді айқындау секілді ұстанымдар жүзеге асырылды.

Тұсаукесерге шығыстанушылар, саясаттанушылар, ҚР ҰҒА академиктері, белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, дипломаттар, БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Алматы қ., Достық даңғ., 87«Б», Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві

Басталуы: 2023 жылдың 13 қаңтары күні, сағат 11.00-де