Skip to content
Басты бет » Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты дамыту: сауда, жаңғырмалы энергия және аумақтық әрекеттестік

Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты дамыту: сауда, жаңғырмалы энергия және аумақтық әрекеттестік

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының форумы алаңында ҚСЗИ директоры мен Emirates Policy Center Президенті Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады.

14 шілдеде ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Әмірліктер Саяси Орталығының Президенті Эбтесам Әл-Кетбимен кездесу өткізді.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы ынтымақтастықты дамыту екі ел үшін де басым бағыттардың бірі. Түрлі секторлар бойынша өзара әрекеттестікті нығайту жұмысы 1992 жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатыр. Кездесу барысында тараптар қос ел арасындағы сауданың тұрақты өсуіне тоқталды. «БАӘ – Қазақстанның Таяу Шығыстағы ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымы 700 миллион доллардан асады», – деді ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов.

Ынтымақтастықты сөз ете отырып, қос тарап жаңғырмалы энергетика секторындағы дамуды атап өтті. БАӘ-нің жаңғырмалы энергия технологиялары, әсіресе күн энергиясы саласындағы тәжірибесі Қазақстанмен таза энергетика жобаларын әзірлеуде ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер ашады.

Екі ел де Ислам Әріптестік Ұйымы (ИӘҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты өңірлік платформаларға белсенді қатысады. Бұл сәйкесінше өңірлік мәселелер бойынша диалог пен ынтымақтастық саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сарапшылар тиімді коммуникациялық арналарды орнатуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізуге ықпал ете алатын сараптамалық деңгейде ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытты.