Skip to content
Басты бет » Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты арасында меморандумға қол қойылды

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы алаңында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚСЗИ атынан құжатқа институт директоры Еркін Тұқымов, ал СЗИ атынан Моңғолия институтының директоры Бегз Даваадорж қол қойды.

Меморандум институттар арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құрайды. Оның шеңберінде екі ұйымның бағыты бойынша бірлескен іс-шаралар, зерттеулер жүргізу, зерттеу жұмыстарымен алмасу, өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша бірлескен ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу көзделеді.

Айта кетейік, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының 30 жылдық тарихының ішінде бұл әлемнің жетекші «ақыл-ой орталықтарымен» ынтымақтастық туралы 66-шы меморандум. ҚСЗИ серіктестері арасында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Германия және басқа елдердің танымал аналитикалық және ғылыми-зерттеу институттары бар.