ҚСЗИ-да институт директоры Еркін Тұқымовтың Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Томаш Коллатпен және Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстан Республикасындағы Бас консулы Юзеф Тымановскиймен кездесуі өтті.
Сұхбат басында Еркін Тұқымов қарым-қатынас құрудағы гуманитарлық компоненттің маңыздылығын атап өтті. «Экономикалық және саяси байланыстарды дамытуға болады, бірақ ғылыми-мәдени компонентсіз олардың сапасы төмен болады. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жақсы, оларды одан әрі дамыту қажет. Мүдделеріміз жалпы қауіпсіздік мәселелерінде және елдеріміз бойынша тоғысатын тақырыптар бар. Еуропалық Одақ Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Еуропада Польша үлкен рөл атқарады. Оны бірігіп зерттеуіміз қажет».
Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Томаш Коллат өзінің сөзінде Польша мен Қазақстанның тығыз халықаралық байланыстары туралы айтты. «Қос ел арасында әрқашан жақсы ынтымақтастық пен мүмкіндіктер болды. Бүгін біз болашақтағы байланыстарды талқылау және дамыту үшін кездестік. Қазақстан бізге қызықты. Ғылыми зерттеулер бойынша, халықаралық күн тәртібін зерделеу бойынша талдау орталықтарымыз арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыттарын талқылағымыз келеді».
Еркін Тұқымов Қазақстан-поляк кеңесін құру идеясы ҚСЗИ-дың назарына лайық екенін атап өтіп, бұл бастамаға қолдау білдірді. «Бірлескен зерттеулер жүргізу бізге қызықты болады. Осы бағытта Қазақстан-поляк ғылыми кеңесінің дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Бізді поляк басылымдарымен ынтымақтастық қызықтырады. Біз Central Asia’s Affairs журналын Scopus халықаралық дерекқорына қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Поляк ғылыми қауымдастығының үлкен тәжірибесі бар. Менің ойымша, біз жақынырақ танысып, өзара ғылыми-зерттеу мүдделеріміз бойынша байланыс орнатуымыз керек».
Кездесуді қорытындылай келе, Еркін Тұқымов пен Томаш Коллат бірлескен зерттеулерде ынтымақтастықты арттыруға және Қазақстан-поляк ғылыми кеңесі шеңберінде байланыстарды кеңейтуге келісті.