Қазіргі кезде қазақстаннық ақпараттық алаңында 2024 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәжілістегі жұмыс тобының отырысында қаралған «Масс-медиа туралы» заң жобасына енгізуге берілген түзетулер талқылануда.
Ең алдымен қазіргі түзетулер «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-/192 бұйрығын заң деңгейіне көтерумен байланысты екенін айтуға болады. Жалпы бұл процесс халықаралық тәжірибеде де қолданылады.
Мәселен, Малайзияда осындай заң 1984 жылы қабылданып қойған. Заңға сәйкес БАҚ жыл сайын Малайзияның Ішкі істер министрлігінде өз қызметіне лицензия мен рұқсат алуы керек. Сонымен бірге, бұл орган елдің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қауіп төндіретін жарияланымдарды шектеуі немесе тыйым салуы мүмкін. Түркияда да осы елдердің аумағында жұмыс істейтін БАҚ өкілдері журналистік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті органдардың мақұлдауына міндетті екенін байқаймыз. Бұл елдің заңына сәйкес, заңнаманы бұзғаны және заңсыз контент жариялағаны үшін олардың қызметі шектеледі, сондай-ақ кейбір жағдайларда елден депортация жасалады.
Жалпылай алғанда еліміздегі түзетулер нақтылаушы сипатқа ие және шетелдік БАҚ қызметін реттеуді қатаңдатуға бағытталмағанын атап өту маңызды.
Дулат Өтеғали
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Электоралды үдерістерді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы